• Рус
  • Қаз

  • РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»
Шығыс аймақ іріктеу жарысының алғашқы күні  -  Жаңалықтар  -  РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»
  • Басты бет
  • Біз жайлы
    • Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі
    • Басшылық
    • Бөлімше
    • Бос орындар
    • Жемқорлық
  • Жаңалықтар
  • Cпорт түрлері
  • Филиал
  • Мемлекеттік Рәміздер
    • Мемлекеттік рәміздер жайлы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
  • Жаттықтырушылар
  • Галерея
  • Сатып алу
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Шығыс аймақ іріктеу жарысының алғашқы күні

Шығыс аймақ іріктеу жарысының алғашқы күні


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, бүгін, Астанадағы «Қазанат» атшабарында «Ұлы Дала рухы» ұлттық спорт түрлері фестивалінің шығыс аймақтық іріктеу сындары өтті. ШҚО, Павлодар, Қарағанды, Алматы облысының спортшылары теңге ілу мен жамбы атудан сыңға түсті. «Қазанат» атшабарына жиналған жұртшылық алдымен шабандоздық өнерді тамашалады. Ат үстінде шеберлік әдістерін көрсетіп, шабандоздар көрермен қошеметіне бөленді. Теңге ілу сайысында бірінші орынды Қарағанды облысының командасы алса, екінші орынды Павлодарлықтар иеленді, үздік үштікті Алматы облысының жігіттері түйіндеді. Жамбы атудан бірінші орын - ШҚО командасының еншісінде. Екінші орын Қарағандылықтарға бұйырса, үшінші орынды - Алматы облысы иеленді. Бірінші орын алған командалар фестивальдің екінші кезеңі финалдық ойындарда өнер көрсетеді. Асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, қазақ күресі бойынша іріктеу сындары Павлодар қаласында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ертең «Қазанат» атшабарында сағ 15.00-де аударыспақ бойынша іріктеу жарыстары өтеді.




20 Тамыз 18
: 130
Бөлісу

2016-2018.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 20/1

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru
Компания
  • Біз жайлы
  • Ұлттық спорт түрлері
  • Ат спортының олимпиадалық түрлері
  • Жаңалықтар
  • Жаттықтырушылар
  • Сайт картасы
Байланыс

© РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»

+7 (7172) 27-31-26

uasto.ks@gmail.com

Кері байланыс

Сайт ішінде іздеу