Қазақ күресінен 2017 жылы 13-15 қазан аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақадыр кентінде спорт ардагері С. Мамашевті еске алуға арналған 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бұл турнирге еліміздін барлық қалаларымен өңірлерден 182 спортшы қатысты.
РМҚК “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” қазақ күресінің жасөспірімдер ұлттық құрама командасының балуандары жалпы командалық есепте I орын иеленді.
Тынысбеков Мирас - 46 кг , Оразалыұлы Олжас - 57 кг , Алдаберген Айбар - 81 кг салмақ дәрежелерінде турнирдің жеңімпаздары атанды.
II орын Дәріпбеков Нұрдәулет – 51 кг,
III орын Қасымхан Бақдәулет – 51 кг.