Астана қаласында Ұлттық спорт түрлерінен Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында республикалық «Ұлы Дала рухы» фестивалінің оңтүстік аймақтық іріктеу жарыстарына арналған мандат комиссиясы өтті. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова мен Республикалық «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директорының орынбасары Байбуриев Нүркен және Ұлттық спорт түрлерінен бас хатшы Базарханова Гүлнәр қатысты. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова жас спортшыларға осы фестивальдің республика бойынша ұлттық спорттың дамуына тың серпін беретінің тілге тиек етіп, қатысатын спортшыларға сәттілік тіледі. Республикалық «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» директорының орынбасары Байбуриев Нүркен Астана қаласында ұлттық спорттан сыңға түсетін спортшыларға жарыстың өту барысы, ережелерімен таныстырып өтті.
Астана қаласында 14-15 шілде аралығында «Қазанат» атшабарында аударыспақ, жамбы ату, теңге ілуден жарыстар өткізіледі. Мандат комиссиясының тіркеуінен өткен спортшыларды ұлттық спорт түрлерінен бас хатшы Базарханова Гүлнәр хаттамаға тіркеп отырды. 3 спорт түрінен: аударыспақтан жоғары дәрежедегі төреші, Бекмусаев Жанбатыр, теңге ілуден Нұрлан Додай, жамбы атудан ұлттық құраманың капитаны Бадашев Елдос төрешілік етеді. Аударыспақтың 5 салмақ бойынша: 50, 60,70, 80, +80 келіде 20 спортшы өзара аударыспақ алыптарын, құралайды көзге атқан 12 жамбышылар мергендерді, желден жүйрік 12 теңге ілушілер чемпиондарды анықтайды.