• Қаз

  • РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»
Ұлан Рысқұл мен Мақсат Мәзібаевтың шеберлік сабағы  -  Жаңалықтар  -  РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»
  • Басты бет
  • Біз жайлы
    • Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігі
    • Басшылық
    • Бөлімше
    • Бос орындар
    • Жемқорлық
  • Жаңалықтар
  • Cпорт түрлері
  • Филиал
  • Мемлекеттік Рәміздер
    • Мемлекеттік рәміздер жайлы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
  • Жаттықтырушылар
  • Галерея
  • Сатып алу
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Ұлан Рысқұл мен Мақсат Мәзібаевтың шеберлік сабағы

Ұлан Рысқұл мен Мақсат Мәзібаевтың шеберлік сабағы

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі  Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы» елорданың жас балуандарына  арнап «Қазақстан» спорт кешенінде ұлттық күрестен  тамаша іс-шара  ұйымдастырды. Бұл шеберлік сағатына «Қазақстан Барысының» тұңғыш жеңімпазы Ұлан Рысқұл мен қазақ күресіне әлем чемпионы Мақсат Мәзібаев қатысты.

    Майталман спортшылар әуелі балалармен бірге кілем үстінде бой қыздырды,  содан соң жасөспірім балуандарға қазақ күресінің сан алуан әдістерін көрсетті. Одан кейін балалар мен атақты балуандар арасында қызықты әңгіме өрбіді. Талапкерлер атақты ағаларына көкейде жүрген сұрақтарын қойды.  Ұлан мен Мақсат  қазақ күресіне қалай келгендерін, алғашқы жеңістері және осындай  биік  белеске жету үшін қалай тер төккендерін айтып берді. Соңында күшті балуан болуды армандап жүрген астаналық жасөспірімдер Ұлан Рысқұл мен Мақсат Мәзібаевтан қолтаңба алып, естелік суретке түсті. Республикалық  «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы» осындай игі шараларды болашақта да ұйымдастырып тұратын болады.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы баспасөз қызметі

25 April 18
: 509
Бөлісу

2016-2019.
Қазақстан Республикасы, Нұр-Султан қаласы, Кумбел көшесі 3/1

Яндекс.Метрика Рейтинг@Mail.ru
Компания
  • Біз жайлы
  • Ұлттық спорт түрлері
  • Ат спортының олимпиадалық түрлері
  • Жаңалықтар
  • Жаттықтырушылар
  • Сайт картасы
Байланыс

© РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»

+7 (7172) 27-31-26

uasto.ks@gmail.com

Кері байланыс

Сайт ішінде іздеу