Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала рухы» фестивалінің батыс аймақтық іріктеу жарыстары өтуде. Кеше «Қазанат» атшабарында теңге ілумен мен жамбы атудан сайыстар аяқталды. Теңге ілуден келесі айналымға БҚО жолдама алды. Жамбы атудан Ақтөбе облысы келесі айналымда өнер көрсетеді. Бүгін аударыспақшылар арасында жарыс өтеді.